"Ісік пайда болған еді". Асхат Тарғын әкесінің сырқаты туралы айтты

Танымал әнші Асхат Тарғын әлеуметтік желідегі парақшасында әкесінің сырқаты туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі 40 жыл бұрын әкесінің мойнында ісік пайда болғанын жазды.

"Әкемнің мойын жағына бір ісік пайда болған еді 40 жыл бұрын, сол уақыт өте үлкейіп, тыныс алуы ауырлап жүр еді. Не да болса өзі тәуекел етіп ота жасаттық. Аллаға сансыз шүкір ота сәтті шықты, жағдайы жақсы. Кеше емханадан үйге шықты. Ата-анамызды тірісінде құрметтейік ағайын", - деп жазған ол. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Грантқа түсу үшін қандай дұға оқуға болады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!