"Үлкен ұлыма келін іздеп жүрмін". Мұхамеджан Тазабек неше баласы бар екенін айтты

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек Instagram-парақшасындағы сторисінде балалары жайлы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұхамеджан Тазабектен оқырманы неше баласы бар екенін сұрайды.

"Аллаға шүкір, төрт қыз, екі ұлым, жиен немерем бар", - деп жауап берді ол.

 Ол сондай-ақ үлкен ұлы нешеге келгенін де айтты.

"Жиырмада. Үлкен ұлыма келін іздеп жүрмін", - деп жазды Мұхамеджан Тазабек.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!