Павлодарда студент өлі табылды

Павлодарда орталық жағажайда суға батып кеткен студенттің денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 

Ертіс өзеніне батып кеткен жігіттің денесі 2 тәуліктен соң табылды. Оны жедел құтқару жасағының қызметкерлері судан алып шықты.

Павлодар облысында бір тәулікте үш адам суға батып кеткен. 28 маусымда сағат 00:58-де Торайғыр көлінде 2011 және 2013 жылы туған екі ағайынды суға түсуге тыйым салынған жерде суға батып кетті. Олардың мүрдесін құтқарушылар көп ұзамай тауып, жағаға шығарған.

Ал Орталық жағажайдағы Ертіс өзеніне шомылуға барып, батып кеткен студенттің мүрдесін құтқарушылар арада екі тәулік өткенде тапты.

"28 маусымда сағат 16.00-де Орталық жағажайда 2005 жылы туған  жігіттің суға батқаны туралы ақпарат түсті. Жұма күннен бері іздеу жұмыстары жалғасып келді. Куәгерлер байқап, марқұмның мүрдесі табылып, жедел құтқару жасағы судан алып шықты", - деп мәлімдеді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз