"Мен үшін ең маңызды күн!" Руслан Өтепбай қуанышты жаңалығын бөлісті

17 жыл бойы құлдықта болған апалы-сіңлілі қыздардың тағдырының өзгеруіне себепші болған танымал тележүргізуші Руслан Өтепбайдың қарындасы тұрмыс құрып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Журналист қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Мен үшін ең маңызды күн!
Құдалар қарындасыма сырға салу үшін келді", - деп жазған ол.

Тележүргізуші бұған дейін қарындасының ұзатылу тойына дайындалып жатқанын айтқан еді. 

"Үйдің үлкені мен. Менен кейін қарындасым бар. Бір айдан бері жалғыз бауырымның ұзату тойына дайындалып жүрмін. Қыз беру екі мағынада да қиын екен. Алғашқысы қимастық болса, екіншінісі жауапкершілік. Маңыздысы да осы болар", - деп жазған еді ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Дивандағы кіші дәрет иісін қалай кетіруге болады?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!