ІІМ есірткіге қарсы іс-қимыл барысы туралы мәлімдеме жасады

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл барысы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Есірткіге қарсы айлық кезінде 5414 іс-шара өткізілген, оның ішінде 310 акция, 103 семинар, 427 дәріс және 359 кездесу, 113 дөңгелек үстел, 432 спорттық жарыс және турнир, 150 профилактикалық сипаттағы конкурстар бар.

"Оның 994-і нарколог дәрігерлердің, 894-і еріктілердің, 215-і жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, 425-і үкіметтік емес сектормен және 610-ы білім беру ұйымдарымен бірлесіп өткізілді. Бұл шаралар 280 мыңнан аса жасөспірім мен жастарды қамтыды. Нарколог дәрігерлер және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары өзекті мәселелер бойынша азаматтарға кеңестер ұйымдастырды. Барлық өңірде үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, есірткі сайттарының жарнамасы бар граффити-жазуларды анықтау және өшіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Оған 500-ге жуық ерікті қатысып, 6 мыңнан аса граффити боялды", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз