Мерьем Үзерлі: Сериалда Хюрремнің жолы болды, ал менің махаббаттан жолым болмады

"Ғаламат ғасыр" ("Великолепный век") сериалында Сүлейман ханның сүйіктісі Хюрремнің рөлін сомдаған актриса Мерьем Үзерлі өмірде махаббаттан жолы болмағанын айтып, сұқбат берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актриса Мерьем Узерли Түркияда танымал Хуля Авшардың YouTube бағдарламасында қонақ болды. Әлі күнге дейін тұрмысқа шықпаған актрисаға "Неге тұрмысқа шықпадың?", "Қашан тұрмысқа шығасың?" деген сұрақтар жиі қойылады. Актриса бұл жолы қызының әкесімен араласып тұратынын, бірақ үйлену туралы жоспарлары жоқ екенін айтты. 

"Менің өмірімде қызым Лара бар, оның бар болғанына қуаныштымын. Лараның әкесімен кездескенімде қызу жұмыс істеп жүргенмін. Біздің қарым-қатынасымыз өте әдемі басталды және тез аяқталды. «Оған тұрмысқа шығамын, балалы боламын» деп армандамадым. Біз айырылысқанда жүкті екенімді білдім. Бұл мен үшін де күтпеген жағдай болды. Үйлену – жоспарлы нәрсе, бізде мұндай жоспар болған жоқ», -деп ағынан жарылды актриса. 

Ол сондай-ақ бұрынғы сүйіктісі Жан Атеш қызы Ларамен кездесіп тұратынын айтты. Ал махаббат туралы сұрағанда "Менің махаббаттан жолым болмады, қайтейін" деп қысқа қайырды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!