"RaiM & Erke тенденциясынан шошимын". Журналист Әйгерім Есенәлі жігіттердің жауапкершілігін сынады

Танымал журналист Әйгерім Есенәлі әлеуметтік желідегі парақшасында жасы 20-дан асқан жігіттердің анасы, әпкесіндей әйелдермен қарым-қатынас құруға ұмтылатынын айыптайтын жазба бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желідегі оқырманның "Райм-Еркенің жолын көрмедік пе?" деген сұрағына журналист: "Осы тенденциядан шошимын. Жасы 20-дан асқан бозбалалардың анасы, әпкесіндей әйелдерге жазып, ұсыныс айтуы көбейді. Ауырдың үсті, жеңілдің астымен жүруге қызығу қалыпты болып барады. Отбасын құру үшін соңынан жүрмейтіні анық. Ондай жігіттерден жауапкершілік, ер азаматқа тән мінез көре аламыз ба?", - деп жауап жазды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!