"Көтерілуін - көтерілді, түсе алмады". Тауда адасып кеткен 7 жасөспірім құтқарылды

ТЖМ құтқарушылары Алматы тауларында жеті жасөспірімді құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін кешке Қазақстанның ТЖМ құтқарушылары тауда адасып кеткен жеті жасөспірімді іздеп жатқанын хабарлаған. Құтқару операциясы Күмбел шыңында орын алды.

13-17 жас аралығындағы жасөспірімдер демалуға мүлдем дайындалмай, шыңды бағындырамыз деп шешкен. Олар өз бетінше тауға көтеріліп, қайтарда адасып кеткен. Көмекке РЖҚЖ құтқарушылар жасағы жіберілді. Мамандардың мәлімдеуінше, жасөспірімдер медициналық көмекке мұқтаж емес. Қазір оларды ата-аналарына беру үшін Медеуге дейін түсіреді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!