Қазақстанда ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

1 шілде күні Қазақстанның көптеген аймағында күн күркіреп, найзағай созып, өрт шығу қаупі бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ертең еліміздің барлық аймағында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

Алматыда ертең найзағай ойнап, қатты жел соғады, найзағай кезінде жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін барады деп болжанып отыр.

Астанада да найзағай ойнап, жел соғады. Өрт қаупі күтіледі. 

Шымкентте де найзағай болады деп болжанды. 

Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Павлодар облысында да найзағай күтіледі. Павлодар облысының батысында, орталығында бұршақ, дауыл болады деп болжанып отыр. Сонымен қатар, батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз