Актриса Фариза Ескермес вебкам жұлдызы рөліне қалай бірден қабылданғанын айтты

«Мошенники» сериалында вебкам жұлдызының рөлін сомдаған актриса Фариза Ескермес Тимур Балымбетовке берген сұқбатында кастингтен қалай өткенін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Кастингке барған күні бірден вебкам арқылы қызмет көрсететін қыздың интим сахнасын ойнауымды сұрады. Қанша кастингке барып жүрсем де, мен сияқты пәк қыз үшін қиын боп көрінді», - деп күліп еске алды актриса.

Бірақ соған қарамастан Фариза Ескерместі режиссер Олжас Нұрбай рөлге бірден бекіткен. 1,5 ай бойы вебкам жұлдызының рөліне актриса таппаған режиссер Фаризаны көргенде «Бұл – сенсің. Мен сенен нағыз алаяқты көріп тұрмын», - деп қуанып кетіпті.

Түсірілім кезінде актриса өз рөлін сәтті ойнап шығу үшін шын өмірдегі вебкам қызмет көрсететін қызбен кездесіп, шәй ішіп, 3-4 сағат әңгімелесіп, оның жүріс-тұрысын, қылықтарын үйренгенін айтады.

«Сериалдағы кейіпкердің жиі қолданатын сөздерін, қандай да бір жаргондарын жаттап алуға тырыстым. Себебі бұл рөл менің өмірдегі образыма қарама-қайшы еді», - деп ағынан жарылды актриса.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!