Павлодар облысында өзін атып жіберген полицей комаға түсті

Павлодар облысында өзін атып жіберген полицей комаға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігерлер полицейді жасанды тыныс алдыру аппаратына қосқан. 

"Жағдайы ауыр, комада жатыр, өкпесін жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды. Өзге ақпаратты айта алмаймыз", - дейді дәрігерлер. 

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында сержант өзін атып жібергенін хабарлаған едік. Полиция қызметкері хат қалдырып кеткен. 

Бұл туралы ақпарат kerek pv телеграм арнасында пайда болды. Ондағы мәлімет бойынша, 29 маусымда 2003 жылы туған кіші сержант үйіне түскі уақытта келіп, хат жазып, "Макаров" қызметтік тапаншасымен басына оқ атқан. Ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.

"Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қазіргі уақытта полицей жансақтау бөлімінде жатыр", - дейді Павлодар облысы ПД басшысының орынбасары Сафуан Жампейісов. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!