Жетісу облысында жоғалып кеткен бала табылды

ТЖМ құтқарушылары Жетісу облысында жоғалып кеткен баланы тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құтқарушылар Алакөл көлінің жағалауын патрульдеу кезінде 2017 жылы туған қыз баланы тапты.

Қыз бала ересектердің қарауынсыз қалып, адасып кеткен. Құтқарушылар баланы анасына тапсырды. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады.

ТЖМ ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз