Түркістан облысында құрғақ шөп өртенді

Түркістан облысында құрғақ шөп өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ қызметкерлері құрғақ шөптен шыққан өртті сөндірді. 

Бәйдібек ауданының Ынтымақ ауылынан 5 шақырым қашықта 5 гектар алаңда құрғақ шөп жанған.

Құтқарушылар өртті толығымен жойды. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыздар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!