Ақтауда ер адамды полицейлер соққыға жығып тұрып ұстап жатқан видео тарады

Ақтауда ер адамды екі полицей соққыға жығып тұрып ұстап жатқан видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеода тәртіп сақшыларының бірі ер адамды ұстап, екіншісі қолымен және аяғымен басынан ұрып жатқаны көрсетілген. 

Артынша тағы екі полицей пайда болады. Сол сәтте олар ер адамды ұстап, қолын қайырады. Видеода бейәдеп сөздер айтылады. 

Маңғыстау облысы Полиция департаментіндегілер бұл дерек бойынша тексеріс жүріп жатқанын хабарлады. 

"Тексеріс нәтижесі бойынша шешім шығады", - делінген ведомство хабарламасында. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз