Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзып, кортеж ұйымдастырғандар жазаланды

Шымкентте жол ережесін өрескел бұзып, кортеж ұйымдастырғандар жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кортеж ұйымдастырғандар Түркістан облысынан Шымкент қаласына дейін келген. Бүгінде автокөліктегі азаматтың барлығы жауапқа тартылды, ал көліктер "Арғымақ" айыптұрағына жеткізілді.

"Бұл заңбұзушылық әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталып, бейнежазбадағы барлық автокөлік Бадам көпір астынан Әл-Фараби көшесіне бағыт алған жерінде полк командирінің автоэкипажымен тосқауыл қойылып тоқтатылып, қосымша 3 автоэкипаж жұмылдырылып, жол ережелерін өрескел бұзған автокөлік жүргізушілеріне тиісті әкімшілік шара қолданылды", - делінген хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!