Атыраулық студент таңғажайып қосымша ойлап тапты

Атыраулық студент Нұрдаулет Байханов ҰБТ-ға дайындалуға арналған UNAI қосымшасын ойлап тапты. Қосымша толыққанды ҰБТ сұрақтарына дайындалуға, сараптама жасауға, жеке және топтық жарыс жасауға арналған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "AtyrauPress" сілтеме жасап.

Н.Байхановтың айтуынша, қазір бұл форматтағы қосымшалар көп, бірақ UNAI-дың басқалардан айырмашылығы – тегін қолдануға болады. Сондай-ақ оқушыны ҰБТ-ға дайындап, денгейінің көтерілгенін сараптама жасап беретінімен ерекшеленеді.

"Қалай 100 мың оқушыға көмектесе аламыз?" деген сұрақпен осы қосымша ойымызға келді. Біздің мақсатымыз - биыл 100 мың оқушы біздің бағдарламаны пайдаланып, жоғары оқу орындарына тегін грантқа түсуі. Қосымша әрбір тұлғаның білімінің қалыптасуына кішкене болсын үлес қосса - бұл біздің мессиямыздың орындалуы. Себебі, жақсы маман иесі жұмысын сапалы атқарып, керемет нәтижелер көрсетсе - еліміздің әлемдік деңгейге шығуына да мүмкіндік зор. Ш.Уәлиханов атамыздың сөзімен айтар болсам, "Халықтың кемеліне келіп, өркендеп, өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет". Менің халқымның дамуына осылай өз үлесімді қосып, елімнің дамығанын қалаймын. Себебі, еліміздің болашағы - біздің қолымызда", - деді Н.Байханов.

Аталған қосымшаны пайдалану үшін App Store және Play market бағдарламалары арқылы UNAI қосымшасын жүктеу керек. Қосымшаға тіркеліп, барлық қажетті ақпаратты жазып болған соң, бастапқы беттегі «Ойнау» батырмасы арқылы бірден ҰБТ-ға дайындықты бастауға болады. Кейіннен арнайы нұсқаулықты көру үшін ғаламтордағы unai.kz Instagram немесе Tik Tik парақшасынан көруге мүмкіндік бар. Сұрақтар туындаған жағдайда 24/7 арнайы 8 776 008 11 60 байланыс нөмірі қызмет етеді.

Айта кетейік, Нұрдаулет Байханов Алматы технологиялық университетінің 3-курс студенті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз