Маңғыстауда полиция қызды алып қашпақ болғандарды іздеп жатыр

Маңғыстау облысының полициясы адам ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "lada.kz" сілтеме жасап.

Оқиға Маңғыстау ауылында 12 сәуірде сағат 23.00-де бойжеткен құрбысының үйінде такси күтіп тұрған кезде болған. Оның айтуынша, оған құрбысының күйеуінің досы келіп, оны көлікке дейін шығарып салуды ұсынған. Қыз ұсыныстан бас тартқанымен ер адам қызды тағы екі жас жігіт тұрған көлікке сүйреп апарады.

"Мен қарсы тұрдым, айғайладым. Көліктің ішінде отырып, олар тоқтамаса, көліктен секіремін деп қорқыттым. Бағдаршамда көлік тоқтаған кезде мен көліктен шығып, қашып кеттім. Сол күні кешке мен "102" нөміріне қоңырау шалып, арыз жаздым. Келесі күні Мұнайлы ауданының полиция басқармасына шақырылдым, менен жауап алды. Іс 15 сәуірде тоқтатылды. Тергеуші сараптамадан өту керегін айтпады және жолдама берген жоқ. Олар маған қылмыс құрамы жоқ екенін айтты", - деді жәбірленуші.

Қыз адвокат жалдаған, оның сөзінше содан кейін ғана, іс қозғалды.

"Жақында мені ұрлауға тырысқан жігіттермен бетпе-бет кездестік. Олар өз кінәсін мойындамады, өкінбейді де. Олар маған бұл іс жабылатынын, сотқа жетпейтінін айтып, тырыспауымды сұрады. Олардың көлігі айыппұл тұрағына жабылмаған. Куәгерлерден жауап алынбады. Алдымен моральдық залалдың орнын толтыруды сұрадым, бірақ кейін бас тарттым", - дейді Маңғыстау тұрғыны.

Қыз кінәлілерді жазалау арқылы істі аяқтауға ниет білдірді. Ол өз қаражатынан сараптамадан өтті. Сондай-ақ ол куәгерлері барын алға тартты.

Тағы да оқи отырыңыздар: Әмиян сыйлауға бола ма?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!