Астанадағы көлік ең көп жүретін көше қиылыстары жабылады
![Астанадағы көлік ең көп жүретін көше қиылыстары жабылады](/userdata/news/news_110602/image_l.png)
Фото:
instagram.com/akimat__astana
Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа даңғылы мен Бөгенбай батыр даңғылының қиылысында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдіктің хабарлауынша, ссыған байланысты 28-30 маусым аралығында жоғарыда аталған қиылыс ішінара жабылады.
instagram.com/akimat__astana
"Астана тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан