Павлодарда жасөспірімді автобустан мәжбүрлеп түсірген жүргізуші жазаланды

Желіде жүргізушінің жасөспірім қызды мектеп карточкасының болмауына байланысты автобустан түсіріп кеткен видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Полиция қызметкерлері тексеріс жүргізді. Аталған көлік құралының жүргізушісі анықталды. Оған қатысты заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмаған қызды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіргені үшін әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік айыппұл салынды", - деді Павлодар қал бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

Ішкі істер министрлігі 16 маусымда Президент Тоқаев сәуірде қол қойған әйелдер мен балаларды қорғау туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енгенін хабарлады.

Сонымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы 1-1-бөлігімен толықтырылды. Енді заңды өкілінің еріп жүруінсіз келе жатқан 16 жасқа толмаған адамды қоғамдық көліктен күштеп түсіргені үшін жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!