Павлодар облысында жүкті әйел көпірден секіріп кетпек болды

Павлодар облысында полицейлер әйелді құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

28 маусымда сағат 06:58 шамасында "102" операторының пультіне Усолка өзенінің көпірінде әйел адамның секіргелі тұрғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының қызметкерлері дереу жеткен.

"Біз келгенде, қыз күйзеліске ұшыраған, көздері жасқа толы болып, қоршаудың артына көтерілуге үлгерген, осы уақытта біреумен эмоционалды түрде телефонмен сөйлесіп тұрған. Алыстан біз оны сөзге тартып, оған бұлай істеу дұрыс шешім емес екеніне сендірдік, туыстарының қандай жағдайда болатын түсіндіріп көрдік. Содан жанына жақындап, оның қолынан ұстап, көпірдің қауіпсіз жағына қайта көтерілуге көндірдік. Біз үшін онсыз да үмітсіз тұрған қыз баланы қорқытып алмау маңызды болды. Себебі бір секундтың ішінде орны толмас оқиға орын алуы мүмкін еді", - деді қызмет инспекторы Ерқанат Құбайдолла.

Мұндай әрекетке жүкті әйелдің күйзеліске түсуі себеп болған. Кейін полиция оны жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!