Алматыда тағы бір көшедегі қозғалыс шектеледі
![Алматыда тағы бір көшедегі қозғалыс шектеледі](/userdata/news/news_110594/image_l.jpg)
Фото:
depositphotos.com
Алматыда Брусиловский көшесіндегі аумақ уақытша жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қалалық мобилділік басқармасының хабарлауынша, Брусиловский көшесіндегі аумаққа орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты қозғалыс уақытша шектеледі.
"29 маусым сағат 22:00-ден 1 шілде сағат 10:00-ге дейін Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейін қозғалыс шектеледі. Жабық аумақты Түркебаев пен Тілендиев көшелері арқылы айналып өтуге болады. Маршрутыңызды алдын-ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан