Астана жастары көпке үлгі көрсетті

"Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" ұранымен Астана жастары Есіл жағалауын күл-қоқыстан тазартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жастар саясаты қоғамда жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған іс-шаралар мен бастамаларды қамтиды. Осы бағыттағы іс-шара қатарына қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жобаларда кіреді. Елорда да өткен аталмыш акция, соның бір көрінісі.

Шараны Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы, Нұра ауданы әкімдігі және Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма бірлесе ұйымдастырып отыр.

 Астана қаласының әкімдігі

"Шараға, бас аяғы 100-ден аса ерікті қатысты.  Осындай экоакциялар, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеуде өте маңызды. Айналымызды таза ұстасақ ол өзімізге жақсы. Осынау шараға жастардыңда қосылғаны шын қуантады. Алдағы уақытта бұл  ажырамас дәстүрге айналарына сенемін", - деді Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Еран Айдар.

Еріктілердің басым бөлігі, жастардан құралған "Жасыл Ел" еңбек бірлестігінен келген екен. Жасақ ұйымдастырушысы, аталмыш  акция өңірдегі барлық дерлік ауданды қамтып жатқанын айтты.

 Астана қаласының әкімдігі

""Жасыл ел" жасағы, түрлі экоакцияларға белсене атсалысады. Бүгінгі шарадан да біздің өрендер шет қалмады. Бұндай акциялар, өзгелердің экология жайлы ойлануына мүмкін жол ашар", - дейді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова

Әлия Әбсеметова, жыл басынан бері түрлі экоакцияларға жастардан бастап, қоғам қайраткерлеріне дейін белсене атсалысып жүргенін жеткізді. Оның үстіне, осы акция аясында, аудан маңынан келесі қысқа арналған қар полигоны дайындалып, талапқа сай келмейтін орындардың жабылғанымен бөлісті.

 Астана қаласының әкімдігі

Еске сала кетсек 27 маусым күні қала әкімдігі тұрғындарға "Таза Астана" жобасының таныстырылымын өткізген еді. Жоба "Таза Қазақстан" акциясы аясында бекітілген. Шараның негізгі мақсаты мекемелерді, субьектілерді және қала тұрғындарын тазалыққа ынталандыру.

Жалпы "Таза Қазақстан" жобасы сәуір айынан бастап жұмыс жасап келеді. Акция аясында қаланы санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарлар мен аулаларды тазалау, сонымен қатар сауда нысандарына жақын аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.