Астанадағы ШЫҰ саммиті: Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жасады

Астанадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне байланысты Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2024 жылғы 3-4 шілдеде Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізу кезінде Астана қаласында елорданың әуе кеңістігін күзету күшейтілетін болады.

Осыған байланысты 28 маусым мен 1 шілде аралығында Қарулы күштер авиациясының ұшу қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жаттығу ұшулары өткізіледі.

"Астана тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз