Бішкек тұрғындары жер сілкінісін сезді

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметі бойынша жер асты дүмпуінің эпицентрі Бішкектен шығысқа қарай 35 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы - 3,6.

Жер сілкінісін Бішкек пен Шу облысының тұрғындары сезген.

Еске салайық, бұған дейін ШҚО-да түнде жер сілкінгені хабарланды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз