Астанада блокбекеттер қойылғаны рас па?

Астана қаласының аумағына автокөліктердің кіріп-шығуына шектеу қойылғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, бұл - жалған ақпарат.  

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі 1-5 шілде аралығында қала маңындағы Қосшы, Қоянды, Ильинка, Талапкер және басқа да елдімекендерден елордаға баратын жолдар жабылады деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Азаматтардың қалаға кіріп-шығуына ешқандай шектеулер қойылмаған.

Астана қаласының Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауаптылық көзделетінін ескертеді және ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз