"Басқа адамның кейпіне еніп, даусын өзгерте алады". ІІМ азаматтарды сақтандырды

Ішкі істер министрлігі азаматтарға алаяқтықтың жаңа түрін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жасанды интеллект қолдану арқылы жасалатын алаяқтық жиілеген.

"Алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болыңыз! Алаяқтардың жасанды интеллектті қолдануы шетелдерде жиі тіркеліп жатыр. Сондықтан мына ақпараттарды білгеніңіз абзал! Жасанды интеллектті пайдаланатын алаяқтар пайда табу үшін басқа адамның кейпіне еніп, даусын өзгерте алады. Полицияның киберпол бөлімінің ақпаратына құлақ асып, өз қаражатыңыздың қауіпсіздігі мен жеке мәліметіңіздің құпиялығын сақтауды білгеніңіз абзал және бұл сақтық шараларын жақындарыңызбен бөліскеніңіз жөн", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк азаматтарға алаяқтық туралы ескерту жасады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!