Алимент төлемеген қарағандылық қамауға алынды

Шахтинск қаласының тұрғыны алимент төлемегені үшін әкімшілік қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Прокурорлар кәмелетке толмаған баланың әкесі тұрақты табысы болуына қарамастан ұзақ уақыт бойы алимент төлеуден жалтарғанын анықтады. Қазіргі уақытта оның қарызы 5 миллион теңгеден асады.

Сот орындаушысы борышкерді хабардар ету, шоттары мен мүлкіне тыйым салу, сондай-ақ өз міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершілікті түсіндіру бойынша барлық қажет шараларды қабылдаған.

Сот актісі орындалды, борышкер қамауға алудың белгіленген мерзімін өтеп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!