Жаттықтырушы арықтауға көмектесетін "2-2-2" әдісін ұсынды

Жаттықтырушы Дженна Риццо арықтауға көмектесетін қулықпен бөлісті. Оның әдісі "2-2-2" деп аталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "New York Post" басылымына сілтеме жасап.

"Егер бұл әдісті үш апта сақтасаңыз, денеңіз өзін жақсы сезінгендіктен, оны ары қарай жалғастырғыңыз келетін болады", - дейді жаттықтырушы.

Джино Риццо күн тәртібіне күнделікті үш қарапайым әрекетті қосуға кеңес берді:

  • күнде 2 үлкен бөтелке таза су ішу;
  • 2 порция жемістер мен көкөністер жеу;
  • күніне 2 рет серуендеу.

Маманның айтуынша, су мөлшері 2 литрден сәл көбірек немесе аз болуы мүмкін. Себебі әр адамның суға деген қажеттілігі оның белсенділік деңгейіне, даладағы ауа температурасына және жалпы денсаулығына байланысты әртүрлі болады.

"Сондай-ақ екі порция жемістер мен көкөністер тамақтану рационыңызды ауыстырмауы керек, оны толықтыруы тиіс", - дейді жаттықтырушы.

Физикалық белсенділікке келетін болсақ, маман "қиындатып жібермей", күнде аздап болса да серуендеуге кеңес берді. Мысалы, жұмыстан аялдамаға немесе метроға дейін жаяу жүру, үйге лифтпен емес, баспалдақпен көтерілу және т.б.

"Егер күнде осы ережелерді сақтасаңыз, олар сіздің әдетіңізге айналады", - дейді ол.  

Маманның айтуынша, "2-2-2" әдісінің нәтижесін үш аптадан соң байқайсыз.

"Теріңіз таза бола түседі, энергияңыз көбейеді, жақсы ұйықтайтын боласыз және бірнеше килограмм артық салмақтан арылуыңыз мүмкін", - дейді Дженна Риццо.

Дұрыс тамақтану: Пайдалы кеңестер

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!