ҰБТ-дан 140 балл жинаған оқушы кім екені белгілі болды

Алматы облысында түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары ұпай жинады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысының Білім басқармасы мәліметінше, 140 балл жинаған түлек Талғар ауданы Қарабұлақ ауылындағы №22 жалпы білім беретін орта мектепті тәмамдаған. 

"Жаннұр Еңсебек - Алтын белгі иегері", - деп жазылған басқарма мәліметінде.

Еске салайық, бұған дейін грантқа түсу үшін ҰБТ шекті балдары жарияланды.

Математика мұғалімдерін даярлау мамандығы бойынша грантқа академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне түсу үшін кемінде 77 балл жинау керек.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-не 110 балл, SDU University-не 120 балл қажет.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!