Депутаттар каникулға кетті

Ерлан Қошанов сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті екінші
сессиясының жабылуы және парламенттік каникул туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Парламенті Регламентінің 2 және 4-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Парламенті қаулы етеді:

  • Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші сессиясы жабылды деп есептелсін.
  • 2024 жылғы 1 шілде – 1 қыркүйек аралығы парламенттік каникул деп жариялансын.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз