Мотоцикл апатынан 2 адам қаза тапқан

Кейінгі кезде мотоциклге қатысты жол апаты жиіледі. Мәселен, Ақмола облысында жыл басынан бері осындай 14 оқиға тіркелген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының айтуынша, мотоцикл - жоғары қауіпті құрал. Мұндай оқиғалар салдарынан 2 адам қаза тауып, 17 адам жарақат алды. 280 мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды. 180 мотоцикл айыппұл тұрағына қамалды, оның 40-ы Көкшетау қаласында. 

  • 26 маусымда полиция қызметкерлері Уәлиханов – Вавилов көшелері қиылысында мотоцикл басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің Tekken мотоциклін тоқтатты. 49 жастағы жүргізушіге полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК 612-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
  • Сондай-ақ, облыс орталығының аумағында полицейлер Suzuki мотоциклін тоқтатты, оның жүргізушісі көлік құралын мас күйінде тізгіндеген. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылды. Мотоцикл арнайы айыппұл тұрағына қамалды. 

Ал кәмелетке толмағандар көбіне туыстарына тиесілі мотоциклдерді айдайды.

  • Целиноград ауданында "Янган" мопедін тізгіндеген кәмелетке толмаған бала 14 жастағы жасөспірімді қағып кеткен.
  • Бурабай ауданында 17 жастағы жүргізуші еш жерде тіркелмеген Racer мотоциклін тізгіндеп, бағдаршамның қызыл шамына өтіп, көлікпен соқтығысқан.
  • Сол ауданда 15 жастағы бала мотоцикл жүргізіп, шұңқырға құлады, салдарынан мопед жолаушысы түрлі жарақат алды.  

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!