Ақмола облысында алаяқ танысына әдейі ішімдік ішкізіп, атына несие алдырып алған

Ақмола облысында танысына ішімдік ішкізіп, оның атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

25 маусымда Зеренді ауданының полиция бөліміне алаяқтық туралы өтінішпен жергілікті тұрғын жүгінді. Ер адам танысы оның атына банктен 2 млн теңге шамасында несие рәсімдегенін хабарлады. Жедел тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған Көкшетау қаласының 48 жастағы тұрғынын анықтады.

Жәбірленушінің айтуынша, 2023 жылдың желтоқсан айында күдікті әйел жәбірленушіге ішімдік ішкізіп, автокөлікпен облыс орталығына алып келген. Көкшетауда әйел жәбірленушіге банк филиалдарының бірінде бірлескен несие рәсімдеуді ұсынды. Алаяқ әйелдің айтуынша, оған тек қатысу және бір селфи қажет болған.

Алайда кейінірек алаяқ өтініш берушіге банктік несие мақұлданбағанын айтып, сендірген. Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Келу туралы міндеттеме түріндегі іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз