"Айғайлап жылап, іштегіні шығарып алу керек болып жүр". Ырысбала Икрамбай оқырмандарын алаңдатып қойды

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желідегі парақшасында түсініксіз күйде жүргенін жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы кезде ешкімді көргісі келмейді, әлемге қызығушылығы жоғалған.

"Күйзеліске кіріп кетейін деп есігінен сығалап жүрген сәттемін қазір.
Өзімді әрнәрсемен алдағым келеді, бірақ ештеңе қызық емес. Ешкімді көргім келмейді.
Ешкім естімейтін, көрмейтін бір жерге барып, айғайлап жылап, іштегіні шығарып алу керек-те болып жүр-ау", - деп жазған блогер.

 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!