Тоқаев екі келісімді ратификациялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі келісімді ратификациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы мәдени орталықтарды өзара құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Президент сондай-ақ "Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!