Миялыда найзағай түсіп, шетелдік азамат қайтыс болды

Миялыда найзағай түсіп, шетелдік азамат қайтыс болды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

16 маусымда Миялы ауылындағы жеке тұрғын үйге найзағай түскен. Үй өртеніп, өрт ауыздықталды. Бұған дейін өкілетті органдар өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеген болатын. Алайда кейін үйдің ішінде адам бар болғаны белгілі болды.

"1989 жылы туған Өзбекстан азаматы жаңадан салынып жатқан үйдің ас бөлмесінде болған. Тергеу барысында бұл азамат Қазақстанға 28 мамырда "Бейнеу" шекара бекеті арқылы кіргені, Миялы ауылындағы тұрғынның үйінде уақытша тіркелгені анықталды", - деп жазылған мәліметте.

Мүрдені қарау кезінде дене жарақаттары анықталмаған.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында үйге найзағай түсіп өртеніп кеткені хабарланды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!