"Ұятсыз әйел - тұзсыз ас". "Меломен" тобының әншісі оқырмандарын ойландырып қойды

"Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрилла Ақберген әлеуметтік желідегі парақшасында экс-күйеуінің ұрған сәтінен видео жариялаған болатын. Өнер иесінің бұрынғы әйелі экс-күйеуінен екі жылдың ішінде бірінші рет алимент төлегенін айтқан еді. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында ойландыратын жазба қалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ұятсыз әйел – тұзсыз ас секілді".  Жақсы мақал екен", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншінің экс-әйеліне жасаған қылығына қатысты біраз сын жазды. "Факт  - ұрдыңыз, 1045 өлең шығарып ақталсаңыз да", "бітті, сендердің дәуірлерің", "байкот", "имандымын дейсіңдер, имандарың әйелге қол көтеруді ақтап тұрса, онда ол сендердің түсініктерің мен имандарың" деп жазды олар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!