Алматыда заңсыз жүрген 20 шетелдік елден қуылды

Алматыда заңсыз жүрген 20 шетелдік елден қуылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматының көші-қон қызметі жақында Алматыдағы тұрғын аудандардың бірінде жүргізілген рейд қорытындысы бойынша осындай мәліметтерді келтірді. Мұнда бөлімшенің мәліметінше, өндіріс орындарының бірінде көрші мемлекеттің 41 азаматы анықталды.

"Олар рұқсат беру құжаттарынсыз заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған. Олардың 20-сы соттың ұйғарымымен Қазақстан Республикасынан шығарылса, екеуіне әкімшілік айыппұл салынды, тағы 19 құқық бұзушы жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Сонымен қатар, қазіргі таңда шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан жұмыс берушілерге шара қолдану жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!