Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам оқиға орнында қайтыс болды

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға бүгін 02:20-да болған. 

"Lada жүргізушісі шығыс бағытта келе жатып, рөлді басқара алмай, жолдың шетіне шығып кетіп, ағашқа соғылған. Салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы қаза тапты, тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді", - дейді ПД өкілдері. 

Көлікте отырғандардың бәрі Алматы облысы Талғар ауданының тұрғындары. 

"Төрт адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды", - дейді полиция өкілдері. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!