Астанада діни нысандар бақылауға алынады

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасар Марат Қожаев 3-4 шілдеде елордада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитінің өтуіне байланысты полиция мешіттер мен шіркеулерді бақылауға алатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол Астанада полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

"Осындай шаралар қабылданып жатыр. Бұл Қазақстанның ойлап тапқаны емес, халықаралық тәжірибе. Біз мұны халықтың қауіпсіздігі үшін істейміз. Мәртебелі меймандарды қабылдаумен байланысты екенін алдын ала ескертеміз.

Стратегиялық нысандар күзетіледі. Көрші мемлекетте болған оқиғаларға байланысты діни және басқа да нысандарға наряд қойылды", - деді Марат Қожаев Сенат кулуарында журналистерге.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!