Алматыда "Eco Almaty" директоры жауапқа тартылды

Алматыда "Eco Almaty" директоры жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Медеу ауданының прокуратурасы сотта азаматтық істерді қарау нәтижелері бойынша Алматыда жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау кезіндегі бұзушылықтарды анықтады. Қалада ағаштар автокөлік құралдарына, әсіресе азаматтарға зиян келтіре отырып, жауын-шашынды және желді ауа райында құлауы жиі кездесетінін талдау көрсетті.

Жоғарыда көрсетілген фактілер адамдарды, келтірілген материалдық шығынды өндіріп алу және автокөліктерді қалпына келтіру мақсатында сотқа жүгінуге мәжбүрлейді. 2023 жылдан бастап соттар азаматтардың 51,3 млн теңгені өтеу туралы 32 талап-арызын қарады. Бұл ретте бюджеттен 31,2 млн теңге өндірілген.

Прокурорлар, жасыл желектерді күтіп ұстау бойынша көзделген шаралар тиісті түрде қабылданбағанын анықтады. Кешенді түгендеу және орман патологиялық зерттеу, сондай-ақ мәліметтерді тиісті базаға енгізу жұмыстары толық көлемде жүргізілмеген. Бұл дерек бойынша Медеу ауданының прокуратурасы заң бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізді.

Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша "Eco Almaty" ЖШС директоры тәртіптік жауаптылыққа тартылды, апатты ағаштарды анықтау жөнінде қосымша шаралар қабылданып жатыр. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!