Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды

Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы соттың судьясы Нұрлан Сұлтанов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отырыста Жоғарғы соттың судьясы Нұрлан Сұлтановты қызметінен босату туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынымы енгізілді.

"Нұрлан Сұлтанов Қыдыржанұлы құрметті отставкаға кету шешімін қабылдады. Осы орайда Жоғарғы сот судьясын қызметінін босату ұсынымын қолдауды сұраймын", - деді Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Сенат депутаттары ұсынысты қолдап, дауыс берді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!