"Күдіктілерге іздеу жарияланды". Алматы облысында жаппай атыс болды

Алматы облысындағы Қонаев қаласында атыс болды. Облыстық полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ақпарат телеграм арнада пайда болды. Ондағы деректер бойынша, атыс салдарынан 2003 жылы туған жігіт қайтыс болған. Зардап шеккен қалған адамдар ауруханада. Ал 1995 және 1997 жылы туған күдіктілерге іздеу жарияланған. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қазіргі уақытта қылмыс жасады деген күдіктілерді ұстауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Тергеу жүріп жатыр және бұл іс облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!