Қазақстандықтар Астана күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Астана күнінде қалай демалатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл 6 шілде, яғни Астана күні - мемлекеттік мереке, сенбіге сәйкес келеді. Сондықтан демалыс күнін дүйсенбіге ауыстыру арқылы қосымша 1 демалыс және қысқартылған жұмыс аптасын береді. Бірақ бұл өзгерістің алты күн жұмыс істейтіндерге қатысы жоқ.

Осылайша, бес күндік жұмыс істейтіндер үшін: 6, 7 және 8 шілде - демалыс күндері, бірақ алты күндік жұмыс үшін 8 шілде - жұмыс күні саналады.

Еске алайық, бұған дейін Қазақстанда жаңа мерекелік күндер пайда болатынын жазған едік. Оның ішінде, шілдедегі жаңа мерекелер де бар: 

  • Дипломатиялық қызмет күні - 2 шілде
  • Су шаруашылығы қызметкерлері күні - 9 шілде
  • Ветеринариялық қызметкер күні - 10 шілде
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні - 13 шілде
  • Нотариат күні - 14 шілде
  • Балық шаруашылығы қызметкерлері күні - шілденің екінші жексенбісі
  • Металлург күні - шілденің үшінші жексенбісі
  • Сауда қызметкерлері күні - шілденің төртінші жексенбісі

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз