Бишімбаев пен Байжановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Бишімбаев пен Байжановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айта кетейік, сот үкімімен Қуандық Бишімбаев 24 жылға, Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын. 

Еске салайық, Бишімбаев пен Байжанов ісі апелляциялық сотқа 11 маусымда түсті. 

Бұған дейін Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым қанша уақытқа дейін қаралуы мүмкін екенін айтқан болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!