Түркістан облысында жүк пойызы аударылды: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Түркістан облысында жүк пойызы аударылып, отқа оранды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Түлкібас ауданындағы апат кешкі сағат 19:30-да болған. Ресми ақпарға сүйенсек, Меңлібай - Көктерек аралығындағы жолда жүк пойызының вагондары рельстен шығып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Ал апат салдарын жою үшін оқиға орнына Шымкент станциясынан қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары жіберілген.

"Түлкібас - Арыс учаскесінде жүк вагондары жолдан шығып кеткен жерде пойыз қозғалысы қалпына келтірілді. Кешіктірілген пойыздардың жолаушылары тамақ және ауызсумен қамтамасыз етілді. 492 жолаушыны жеткізу үшін 5 автобус ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жүк вагондары жолдан шығып кетуі салдарын жоюға 3 қалпына келтіру пойызы және 100-ден аса теміржолшы жұмылдырылды", - деді "Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ баспасөз хатшысы Нариман Дүйсеков.

Айта кетейік, бұған дейін он бағыттағы пойыз тоқтатылған. Жолаушылар тасымалдайтын вагондар тек таңғы сағат 04:00 шамасында жолға шықты. Жеке вагондағы дөңгелек жұбы осінің сынуы апатқа себеп болуы мүмкін.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!