Бір баланы асыруға күніне 460 теңге жете ме? Депутат жауап берді

Мәжіліс депутаты Гауһар Танашева көпбалалы отбасылардың мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, өңірлерден жердемақы мөлшеріне қатысты көптеген сұрақ түседі. Себебі, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақының мөлшері мардымсыз.

"Бұралқы иттерді уақытша ұстауға айына 60 мың теңгеден 90 мың теңгеге дейін, ал түзету мекемелеріндегі сотталушыларға 80 мың теңгеден 180 мың теңгеге дейін ақша бөлінеді. Ал көпбалалы отбасындағы бір балаға айына 14 мың теңге бөлінеді.

Светлана Қабыкенқызы (Еңбек және халықты әлеуметттік қорғау министрі), сіз ана ретінде айтыңызшы, бір баланы күніне 460 теңгеге асырауға бола ма? Осы ақша жеткілікті ме?
Елімізде 1 млн-нан аса кедей отбасында өмір сүріп жатқан балалар бар. Енді министр ретінде айтыңызшы, бұл әділетті ме?", - деді Гауһар Танашева Мәжілістің жалпы отырысында.

Ведомсво басшысы бұл мәселе депутатпен бірге қарастыратынын жеткізді.

"Сіз – біздің жұмыс тобымыздың мүшесісіз. Министрліктің құзыретіне кіретін барлық сұрақ жұмыс тобында қаралады. Балаларды тәрбиелеп, асырап отырған отбасыларға 100 миллиард теңге бөлініп отыр. Сіз (көпбалалы отбасыларға берілетін) жәрдемақының мөлшерін әр күнге бөліп, 400 теңге деп айтып отырсыз. Біріншіден, сізбен кездесіп, бұл мәселені қарастырайық.

Екіншіден, атаулы әлеуметтік көмекті алып отырған отбасыларда қанша баланың мүгедіктігі бар, (қанша бала) әлеуметтік аурумен ауырғанына қатысты (зерттеу бар). Сол азаматтарды зерттеуге кіргізіп, Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмыс істеудеміз. Жұмыс тобында мәселені қарастырып, бір шешімге келейік", - деді Еңбек және халықты әлеуметттік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!