Алматыда 50 жыл бұрынғы құбырлар ауыстырылады

Алматыда Қожанов көшесіндегі қозғалыс шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыда 1976 жылдан бастап пайдалануға берілген құбырды ауыстыру үшін Қожанов көшесіндегі қозғалыс шектеледі. Алматыда Қожанов көшесі бойынша 1,24 км жылумен жабдықтау желілері ауыстырылады. 

2024 жылғы 27 маусым мен 15 қыркүйек аралығында Алматының Бостандық ауданында Алмагүл шағын ауданының 15 үйінен Жароков көшесіне дейін Қожанов көшесі бойынша автокөлік қозғалысы жабылады.

Қозғалыс екі жаққа да жабылады.

1976 жылдан бастап пайдалануға берілген, аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін жалпы ұзындығы 1240 метр құбырды қайта жаңарту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Бұл құбыр 153 көппәтерлі тұрғын үйді, 7 жеке үйді, 5 балабақшаны, 4 білім беру объектісін, 2 денсаулық сақтау объектісін және 15 Өзге де объектіні жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Аталған тұтынушыларға реконструкция жүргізу кезеңінде ыстық сумен жабдықтау сақталады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз