Оралдағы дәмхананың ашылуында дүрбелең болған

Оралдағы дәмхананың ашылуында дүрбелең болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Instagram желісінде кофе дайындайтын дәмхананың ашылуында түсірілген видео пайда болды. Кадрларда іс-шараға жүздеген адам жиналғанын көруге болады. Артынша бәрі хаосқа айналған.

Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, іс-шараға танымал блогерлер келген, осылайша қонақтар арасында дүрбелең туған. Халық бір-бірін қысып, арасында кішкентай балалар да барын ескермеген. Желідегілер бұл жерде тағамдар тегін таратылған болуы мүмкін екенін болжады.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері оқиғаның егжей-тегжейін айтты. Оқиға 28 маусымда сағат 18.00-де болған. Қалада танымал блогерлердің қатысуымен дәмхана ашылды. Іс-шараға Орал қаласының 200-ге жуық тұрғыны келді.

"Полицейлер қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Іс-шара барысында қылмыс болған жоқ. Зардап шеккендер туралы да ақпарат жоқ", - деді полиция.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!