Алматыдағы автобус апаты: қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы дерек пайда болды

Полиция департаменті өкілдері Алматыдағы автобус апатына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, адам өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар да тағайындалған.

"Жол апаты Алматыдағы Алмалы ауданында сағат 14.20-да болған. Алдын ала мәліметтер бойынша "Kia" көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта өтіп бара жатып, "Сity-Bus" ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысып, артынша кедергіге соққан", - деп жазылған хабарламада.

Оқиға салдарынан автобустың 16 жолаушы медициналық көмекке жүгінді, бір жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыда автобус дүкенге кіріп кетті деген ақпарат пайда болғаны хабарланды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!