Нью-Йоркте ақын Бақыт Кенжеев өмірден өтті

Ақын Бақыт Кенжеев өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы оның жақындары әлеуметтік желіде хабарлады. 

"Сәрсенбіге қараған түні, Нью-Йорктегі Lenox Hill Hospital ауруханасында ұзақ уақыт аурумен күресіп, танымал ақын, менің досым Бақыт Кенжеев өмірден өтті. Жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Алла рахымына алсын", - дейді Леонард Терлитский.  

Айта кетейік, Бақыт Шкуруллайұлы Кенжеев 1950 жылы 5 тамызда Шымкент қаласында дүниеге келген. Орыс тілінде шығармалар жазатын, қазақ ақыны. 1982 жылы Канада мемлекетіне көшіп, 2006 жылдан бастап Нью-Йорк қаласында тұратын.

Бақыт Кенжеев 3 жасынан бастап, Мәскеу қаласында тұрды (кейбір деректерде – Мәскеу қаласында туылды деп жазылған). Әкесі ағылшын тілінің мұғалімі, ал анасы кітапханашы болған. Мәскеу мемлекеттік университетінде, химиялық факультетті бітірген.

1977 жылы, "Ленинские горы: Стихи поэтов МГУ" атты кітап ұжымында, алғашқы рет ақын болып атанған. Оның бірінші өлеңдер жинағы 1984 жылы, Америкада басылған болсада, жастық шағында мерзімдік баспасөзде жарияланған ("Комсомольская правда", "Юность", "Московский комсомолец", "Простор"). Жетпісінші жылдардың басында Кенжеев (Алексей Цветковпен, Александр Сопровскиймен, Сергей Гандилевскимен бірге) "Мәскеу уақыты" поэтикалық тобының негізін қалаушылардың бірі болып саналған. 1982 жылы, ақын Канадаға көшіп, 2008 жылы Америкадағы Нью – Уорк қаласына көшіп кеткен. Орыс ПЕН-клубының мүшесі. Ол 2000 жылы, "Дебют" премиясының Қазылар алқасының бірі болып саналған. Одан басқа, ол "Ак торна" (2011), "русская премия" премиясының, "Кубок мира", "волошинский конкурс" түрік поэзиясының аудармасының, халықаралық байқауының Қазылар алқасының бір мүшесі болған. Қазақ, ағылшын, француз, неміс, испан, Голландиялық, итальян, украин, қытай және швед тілінде аудармалары жарияланған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!